Колледждің Жұмысшы мамандығы жылын өткізу жөніндегі іс – шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 22 мамырда "Колледждердің әлеуметтік әріптес кәсіпорындармен өзара іс-қимылы" бағытын іске асыру мақсатында "Машина жасау саласы үшін кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері"атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына 0715 «Механика және металл өңдеу» жұмысшы кадрларды даярлау бағыты бойынша колледждің әлеуметтік әріптестері: "Машзавод" ЖШС, "Казцинк" ЖШС, "Востокмашзавод" АҚ, "УЗПА" АҚ және «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы"КММ "Түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі және әлеуметтік әріптестік бөлімінің" және "Білім беру процесін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің» басшылары А.Ы. Оразуметова және Э.Т.Шауменова қатысты
Іс-шараға "Атамекен" ҰКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы А.Б. Адылхан шақырылды, ол "Дуальды оқыту жүйесіндегі тәлімгерліктің рөлі" тақырыбында баяндама жасады және PhD докторы, «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ" КЕАҚ "Механика және металл өңдеу" ББ басшысы Б.Ж. Есеркегенова 6В07116 "Тау-кен машина жасаудағы инновациялық технологиялар", 6В07112 "Механика және металл өңдеу" мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларымен тұсаукесер баяндама жасады.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша бірлескен ынтымақтастық бағыттары, оның ішінде білім беру бағдарламаларын өзектендіру, дуальды оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмыстары анықталды.