2026 жылғы 13 ақпанда Өскемен қаласының Карьера орталығы колледжді аяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы дәріс өткізді. Іс-шараға колледждің 3-курс студенттері қатысты.  Орталық мамандары жастарды жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, қатысу шарттары және жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат берді.  Кездесуге қонақ ретінде жоғары оқу орындарының түлектері шақырылып, олар «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасу тәжірибелерімен бөлісіп, бағдарламаның артықшылықтары мен кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы айтып берді.