Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстан Халық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 2025 жылдың 20 наурызында " Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы бойынша оқитын студенттердің ЖК Ботагөз Сейлхановамен кездесуін ұйымдастырды, ол өз брендін құру, еңбек нарығында тігін шеберлерінің сұранысы туралы айтып, "Sholpan " ательесі жасаған кешкі көйлектер жинағын көрсетті. Кездесуге Қазақстан Халықтық партиясы ШҚО филиалынан төрағасының бірінші орынбасары Жадыра Закарина қатысты