ШҚО ББ «Өскемен технология және сервис колледжі» ҚММ
Біздің колледжге келіңіз!
|dq|ШҚО ББ Өскемен технология және сервис колледжі|dq| КММ
Біздің колледжге келіңіз!

2025 жылдың 24 қарашасы. Жұмысшы кәсіптер жылы аясында «Ағаш ұстасы және жиһаз өндірісі шебері» мамандығының студенттері және № 9 орта мектептің 9-сынып оқушылары Юрий Михайлович Костанянцтың халық қолданбалы өнер үй-мұражайын тамашалады.  Қатысушылар шебер Юрий Михайловичтің ағаштан аса нәзік көркемдікпен орындалған бірегей туындыларымен танысты. Әрбір бұйым — жоғары шеберліктің, жанкешті еңбектің және дәстүрге деген терең құрметтің нәтижесі. Ұсынылған экспонаттар Қазақстан тарихын, Ұлы хандар мен батырлардың бейнелерін және ұлттық мұраның маңызды беттерін көрсетеді. Студенттер мен оқушылар сөзбен жеткізу қиын болатын бұл туындылардың қайталанбас сұлулығын өз көздерімен көру мүмкіндігіне ие болды.  Экскурсия үлкен қызығушылық тудырып, білім алушылардың кәсіби дайындықтарына маңызды үлес қосты, ағаш материалының мүмкіндіктері мен осы саладағы жоғары шеберлік деңгейі туралы түсініктерін кеңейтті. Юрий Михайлович Костанянцқа көрсетілген мүмкіндік, жылы қарсы алу және жастардың кәсіби дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыс білдіреміз. Мұндай кездесулер білім алушыларды шабыттандырып, қолөнер кәсібіне деген құрметті қалыптастырады және кәсіби шеберлікті жетілдіруге мотивация береді.

2025 жылғы 15 қазанда 2025 жыл - жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес JuniorSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты өтті. Конкурстың мақсаты: алдыңғы қатарлы отандық және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, WorldSkills қозғалыс құралдары негізінде оқушылардың кәсіби бағдарлануы және заманауи және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін игеруі үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.
Конкурс "Өскемен технология және сервис колледжі" КММ базасында "Шаштараз өнері" және "Сән технологиясы"құзыреттіліктері бойынша өткізілді. Байқауға Өскемен қаласы мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатысты.
JuniorSkills Shygys 2025 чемпионатына қатысқаны үшін "Бейінді мектеп" КММ, "№9 орта мектебі" КММ, "№13 орта мектебі" КММ, "№27 орта мектебі" КММ, "М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі" және "№14 негізгі орта мектебі" КММ басшылығына алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер, жаңалықтар, шабыт және жарқын кәсіби жеңістер тілейміз.

2025 жылғы 4-15 қазанда ТжКБ ұйымдарының педагогтері арасында салалар бойынша кәсіптік шеберліктің республикалық форумы шеңберінде жұмыс берушілермен бірлесіп,  ШҚО ББ «Өскемен технология және сервис колледжі» КММ базасында ТжКБ ұйымдарының педагогтері арасында «Киім дизайны» құзыреті бойынша өңіраралық кәсіптік шеберлік конкурсы өтті. Конкурсқа төрт өңірдің өкілдері қатысты. Біздің колледждің атынан арнайыпән оқытушысы  Давыдова Елена Юрьевна қатысып, жүлделі 1 орынды жеңіп алды.  Құттықтаймыз! Әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз. 

2025 жылғы 17-18 қазан аралығында Астана қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастар арасында "Abilympics QAZAQSTAN -2025" республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті, оған ШҚО ББ "Өскемен технология және сервис колледжі" КММ студенттері мен түлектері қатысты.
Чемпионат жүлдегерлері мен олардың сарапшыларын құттықтаймыз:
Диплом 3 орын-Тоқтағанова Аяулым, сарапшы Мартынова Татьяна Павловна, "Киімдердi тігу" құзыреті;
Диплом 3 орын-Кожикова Сабина, сарапшы Приходько Валентина Васильевна, "Шаштараз өнері"құзыреті,
Диплом 3 орын Дмитриева Елизавета сарапшы Казбаева Жанель Габиденовна, "Мәтінмен жұмыс"құзыретті.

2025 жылғы 26 қыркүйек
Жұмысшы мамандығы жылы аясында «Мебель өндірісі» мамандығының 2-курс студенттері №9 орта мектеп оқушылары үшін «Мамандық жақсылықтан басталады» акциясы аясында мастер-класс өткізді. Студенттер мектеп оқушыларымен бірге құстарға арналған жем салғыш құрастырды, оларды құралдар мен материалдармен таныстырды, ағашпен жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын көрсетті. Дайын жем салғыш қанатты достарға қамқорлық қана емес, сонымен қатар оқушыларға еңбектің өз қолыңмен жасағанда қуаныш пен пайда әкелетінін еске салмақ. Мұндай мастер-класстар балаларға жұмысшы мамандықтарының құндылығын жақсырақ түсінуге көмектесіп, еңбекке деген құрметті тәрбиелейді.

2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап
Жұмысшы мамандығы жылы аясында «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенттері А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы базасында «Жасанды интеллект және нейрожелілер негізінде» курсын бастады. Бағдарлама барысинда студент нейрожелілердің жұмыс істеу негіздерін, машиналық оқыту әдістерін меңгеріп, замануи цифрлық құралдармен және кәсіби сала ЖдаИ-ді қолдану мүмкіндіктерімен танысады. Курстың ұзақтығы – 24 сағат. Алынған білім студенттердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға және олардың кәсіби қалыптасуына зор үлес қосады.

2025 жылғы 25 қыркүйек
«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенттері А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына барды. Студенттер үшін қызықты экскурсия ұйымдастырылып, олар кітапхананың қызметімен, бай қорымен және заманауи мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ үйірмелер мен қызығушылық клубтарының жұмысы туралы айтып, оқу, шығармашылық және өзін-өзі дамытуға қолжетімді ресурстар таныстырылды.

25-26 маусымда "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу", "Шаштараз өнері" және "Бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандықтары бойынша бітіруші топтардың студенттері біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, дипломдық жобаларын/ жұмыстарын қорғады.

27 маусымда екінші курс студенттері бірінші жұмыс біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын тапсырды, өндірістік практика мен біліктілік емтиханының нәтижелері бойынша біліктілік комиссияларының шешімімен біліктілік разрядтары берілді: "Ағаштан жасалған бұйымдарды жинаушы" ( МСМ 13 тобы, "Жиһаз өндірісі" мамандығы), "Тігінші" ( МЗ 28, "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы) және "Шаштараз-стилист" ( ХМ 1 тобы, "Шаштараз өнері" мамандығы).

23-30 маусым аралығында Өскемен технология және сервис колледжінде кәсіпорындарда / ұйымдарда өндірістік практикадан өту қорытындысы бойынша 1-3 курс студенттерінің есептері қорғалды.

2025 жылғы 23 маусымда ХМ 1 тобының студенттері «Шаштараз-стилист» біліктілігіне демо-емтихан форматында біліктілік емтиханын тапсырды. Әлеуметтік серіктестерден құрылған емтиханның сараптамалық комиссиясы  WorldSkills стандарттары бойынша әзірленген тапсырмалардың күрделілігі мен сапасын атап өтті. Үздік нәтижелерді Вилижина Вероника, Дүйсенбай Дильназ және Шаблий Тамара көрсетті.

23 маусым күні МЗ 28 тобының студенттері "Тігінші" бірінші жұмысшы біліктілігін алуда біліктілік емтиханын сәтті тапсырды. Емтихан "СПЕЦОБЪЕДИНЕНИЕ KZ" ЖШС кәсіпорын базасында өтті

Сайтта кім бар

Қазір 26 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр