Өскемен технология және сервис колледжі – әркім өз болашақ мамандығына жол таба алатын орын. Заманауи білім алып, сұранысқа ие мамандық иесі болғысы келетіндердің барлығына біздің есігіміз ашық.
Біз келесі бағыттар бойынша мамандарды даярлаймыз:
-
Шаштараз өнері
-
Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
-
Бағдарламалық қамтамасыз ету және web-дизайн
-
Жиһаз өндірісі
-
Машина жасау технологиясы
-
Есептеу техникасы және ақпараттық желілер
Неліктен бізді таңдайды?
-
Біз тек білім беріп қана қоймай, жұмыс берушілер жоғары бағалайтын тәжірибелік дағдыларды үйретеміз.
-
Біздің студенттер қала мен өңірдің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді.
-
Біз мектеп оқушылары мен талапкерлерге арналған кәсіптік бағдар іс-шараларын үнемі өткізіп тұрамыз.
Колледжде кәсіптік бағдар жұмысының келесі түрлері жүзеге асырылады:
-
Кәсіптік квест «Буду профи»
-
Кәсіптік сынамалар «Профи-класс»
-
Сұранысқа ие мамандықтарға арналған сынып сағаттары
-
Колледж оқытушылары мен студенттерінің шеберлік сабақтары
-
Байқаулар мен шығармашылық жобалар
-
Оқу шеберханалары мен зертханаларына экскурсиялар
-
Біздің әлеуметтік серіктестеріміз – жұмыс берушілермен кездесулер
Біз әрқашан жаңа білім алушыларды, серіктестерді және қонақтарды қуана қарсы аламыз! ?
Бізге келіңіздер, сонда еңбекқорлық, талант пен табандылық табыстың кепілі болатын мүмкіндіктер әлемін ашасыздар.