2025 жылғы 15 сәуірде колледжде Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес " Өскемен технология және сервис колледжі " КММ директоры Б.М. Кусманов пен "ВОСТОКМАШЗАВОД "АҚ бас директорының м.а. И. Л. Пакпен кездесу өтті. Кездесу барысында "Токарьлың іс" және "Машина жасау технологиясы" мамандықтары бойынша жұмысшы кадрларды даярлау мәселелері талқыланып, өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.