2025 жылғы 25 қыркүйек
«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенттері А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына барды. Студенттер үшін қызықты экскурсия ұйымдастырылып, олар кітапхананың қызметімен, бай қорымен және заманауи мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ үйірмелер мен қызығушылық клубтарының жұмысы туралы айтып, оқу, шығармашылық және өзін-өзі дамытуға қолжетімді ресурстар таныстырылды.