2025 жылғы 15 қазанда 2025 жыл - жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес JuniorSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты өтті. Конкурстың мақсаты: алдыңғы қатарлы отандық және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, WorldSkills қозғалыс құралдары негізінде оқушылардың кәсіби бағдарлануы және заманауи және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін игеруі үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.
Конкурс "Өскемен технология және сервис колледжі" КММ базасында "Шаштараз өнері" және "Сән технологиясы"құзыреттіліктері бойынша өткізілді. Байқауға Өскемен қаласы мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатысты.
JuniorSkills Shygys 2025 чемпионатына қатысқаны үшін "Бейінді мектеп" КММ, "№9 орта мектебі" КММ, "№13 орта мектебі" КММ, "№27 орта мектебі" КММ, "М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі" және "№14 негізгі орта мектебі" КММ басшылығына алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер, жаңалықтар, шабыт және жарқын кәсіби жеңістер тілейміз.