ШҚО ББ «Өскемен технология және сервис колледжі» ҚММ
Біздің колледжге келіңіз!
|dq|ШҚО ББ Өскемен технология және сервис колледжі|dq| КММ
Біздің колледжге келіңіз!

25-26 маусымда "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу", "Шаштараз өнері" және "Бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандықтары бойынша бітіруші топтардың студенттері біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, дипломдық жобаларын/ жұмыстарын қорғады.

27 маусымда екінші курс студенттері бірінші жұмыс біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын тапсырды, өндірістік практика мен біліктілік емтиханының нәтижелері бойынша біліктілік комиссияларының шешімімен біліктілік разрядтары берілді: "Ағаштан жасалған бұйымдарды жинаушы" ( МСМ 13 тобы, "Жиһаз өндірісі" мамандығы), "Тігінші" ( МЗ 28, "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы) және "Шаштараз-стилист" ( ХМ 1 тобы, "Шаштараз өнері" мамандығы).

23-30 маусым аралығында Өскемен технология және сервис колледжінде кәсіпорындарда / ұйымдарда өндірістік практикадан өту қорытындысы бойынша 1-3 курс студенттерінің есептері қорғалды.

2025 жылғы 23 маусымда ХМ 1 тобының студенттері «Шаштараз-стилист» біліктілігіне демо-емтихан форматында біліктілік емтиханын тапсырды. Әлеуметтік серіктестерден құрылған емтиханның сараптамалық комиссиясы  WorldSkills стандарттары бойынша әзірленген тапсырмалардың күрделілігі мен сапасын атап өтті. Үздік нәтижелерді Вилижина Вероника, Дүйсенбай Дильназ және Шаблий Тамара көрсетті.

23 маусым күні МЗ 28 тобының студенттері "Тігінші" бірінші жұмысшы біліктілігін алуда біліктілік емтиханын сәтті тапсырды. Емтихан "СПЕЦОБЪЕДИНЕНИЕ KZ" ЖШС кәсіпорын базасында өтті

Колледждің Жұмысшы мамандығы жылын өткізу жөніндегі іс – шаралар жоспарының «Колледждердің әлеуметтік әріптес кәсіпорындармен өзара іс-қимылы» бағытын іске асыру мақсатында 2025 жылғы 15 сәуірде «Өскемен технология және сервис колледжінің» «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша оқитын студенттері үшін «ВОСТОКМАШЗАВОД» АҚ-ға экскурсия ұйымдастырылды. Бас директордың  өндіріс жөніндегі орынбасары В. В. Шаңжи механикалық құрастыру цехының бастығы Р. В. Измайлов, қауіпсіздік қызметінің бастығы Е. М. Аракелов , «Востомашзавод» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы А. А. Пятова студенттерге кәсіпорын, даму перспективалары, зауыттың материалдық жабдықталуы туралы айтып берді.

Колледждің Жұмысшы мамандығы жылын өткізу жөніндегі іс – шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 22 мамырда "Колледждердің әлеуметтік әріптес кәсіпорындармен өзара іс-қимылы" бағытын іске асыру мақсатында "Машина жасау саласы үшін кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері"атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына 0715 «Механика және металл өңдеу» жұмысшы кадрларды даярлау бағыты бойынша колледждің әлеуметтік әріптестері: "Машзавод" ЖШС, "Казцинк" ЖШС, "Востокмашзавод" АҚ, "УЗПА" АҚ және «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы"КММ "Түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі және әлеуметтік әріптестік бөлімінің" және "Білім беру процесін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің» басшылары А.Ы. Оразуметова және Э.Т.Шауменова қатысты
Іс-шараға "Атамекен" ҰКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы А.Б. Адылхан шақырылды, ол "Дуальды оқыту жүйесіндегі тәлімгерліктің рөлі" тақырыбында баяндама жасады және PhD докторы, «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ" КЕАҚ "Механика және металл өңдеу" ББ басшысы Б.Ж. Есеркегенова 6В07116 "Тау-кен машина жасаудағы инновациялық технологиялар", 6В07112 "Механика және металл өңдеу" мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларымен тұсаукесер баяндама жасады.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша бірлескен ынтымақтастық бағыттары, оның ішінде білім беру бағдарламаларын өзектендіру, дуальды оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмыстары анықталды.

бейнеге сілтеме

2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында "Өскемен технология және сервис колледжі" КММ базасында Abilympics Shygys 2025 ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті. Колледж студенттері чемпионаттың үш құзыретіне қатысып, жеңімпаз атанды. Колледж студенттерін жеңісімен құттықтаймыз: Аяулым Токтаганова - 1 орын, "Сән технологиясы" құзыреттілігі, Сабина Кожикова -1 орын, "Шаштараз өнері" құзыреттілігі, Кирилл Москвичев -1 орын, "Графикалық дизайн"құзыреттілігі. 

16 мамырда WorldSkills Shygys 2025 чемпионаты аяқталды. Колледж студенттері «Сән технологиясы», «Шаштараз өнері» және «Графикалық дизайн»құзыреттіліктері бойынша қатысты. Біздің студенттеріміз Салыкбаева Камила («Сән технологиясы») және Вилижина Вероника («Шаштараз өнері») кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті, 1 орын дипломдарымен марапатталды.

2025 жылғы 15 сәуірде колледжде Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес " Өскемен технология және сервис колледжі " КММ директоры Б.М. Кусманов пен "ВОСТОКМАШЗАВОД "АҚ бас директорының м.а. И. Л. Пакпен  кездесу өтті. Кездесу барысында "Токарьлың іс" және "Машина жасау технологиясы" мамандықтары бойынша жұмысшы кадрларды даярлау мәселелері талқыланып, өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2025 жылғы 15 сәуірде Өскемен технология және сервис колледжінің "Бағдарламалық қамтамасыздандыру" мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттері "Мобильді қосымшаларды әзірлеу" құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтиханды сәтті тапсырды.

2025 жылғы 8 сәуірде Жұмысшы мамандықтар жылына арналған әлеуметтік серіктестермен бірлескен іс-шаралар шеңберінде "UPGRADE" барьершоп шебері Аштема Максим "Шаштараз өнері" мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттеріне арналған "Заманауи ерлер шаш қиюында "Fade" техникасы" шебер - класс өткізді.

бейнеге сілтеме

Сайтта кім бар

Қазір 155 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр