ШҚО ББ «Өскемен технология және сервис колледжі» ҚММ
Біздің колледжге келіңіз!
|dq|ШҚО ББ Өскемен технология және сервис колледжі|dq| КММ
Біздің колледжге келіңіз!

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстан Халық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 2025 жылдың 20 наурызында " Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы бойынша оқитын студенттердің ЖК Ботагөз Сейлхановамен кездесуін ұйымдастырды, ол өз брендін құру, еңбек нарығында тігін  шеберлерінің сұранысы туралы айтып, "Sholpan " ательесі жасаған кешкі көйлектер жинағын көрсетті. Кездесуге Қазақстан Халықтық партиясы ШҚО филиалынан төрағасының бірінші орынбасары Жадыра Закарина қатысты

27.02.2025 ШҚО ББ «Өскемен технология және сервис колледжі» КММ базасында «WorldSkills қозғалысы жағдайында инновациялық бағыттарды трансформациялау» республикалық семинар-практикумы өтті. Семинар барысында Қазақстанның кей-бір облыстарындағы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, WorldSkills чемпионаты аясында «Киімді модельдеу» және «Сандық технологиялар» құзыреті бойынша шеберлік сыныбы алаңында болды. Семинар соңында «Өскемен технология және сервис колледжі» КММ мен «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі» МКҚК арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2025 жылғы 26 ақпанда "Өскемен технология және сервис колледжі" КММ-де "Жұмысшы мамандықтар жылына"арналған индустриалды кеңестің отырысы өтті. Отырыста "2025 жылы жұмысшы кәсіптерін өткізу жоспарын" іске асыру шеңберінде жоспарланған бірлескен іс– шаралар талқыланды, колледждің әлеуметтік әріптестері үшін "Рrofessional start-2025" колледжішілік кәсіптік шеберлік конкурсының алаңдарына бару және № 27 мектеп оқушыларымен мамандық таңдау мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Сайтта кім бар

Қазір 151 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр